24 тамызда “Байтақ” жасылдар партиясы әуелі экзит-поллдың нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеп, баспасөз жиынына шақырып, хабарлама таратқан. Олар сайлау учаскелерінде заңбұзушылық болғанын айтып, сайлаудың “нақты нәтижелерін заңды жолмен анықтайтындарын” айтқан еді.
Көп кешікпей партияның басшысы Азаматхан Әміртаев сайлаудың ресми нәтижесін "даулауға негіз беретін қолында факт жоқ" екенін желіде жазып, осы мәселеге арналған баспасөз жиынын шегерді.
"Бүгінгі күні азаматтардың еркіне күмән келтіруге негіз болатындай расталған фактілер жоқ. "Байтақ" партиясы Қазақстан халқының таңдауын құрметтейді және заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес ресми сайлау нәтижелерін ұстанады" деп жазды партия басшысы Facebook-та.
23 тамызда өткен құрылтай сайлауында ОСК мәліметі бойынша, “Байтақ” партиясына сайлаушылардың 1,07 пайыз дауыс берген. Ол жеті партия арасында “ең аз дауыс жинады”.
"Байтақ" - елде тіркелген жеті партияның бірі. Сарапшылар елде билікті өткір сынайтын партиялардың тіркеле алмай отырғанын айтып келеді. Ондай ұйымдар сайлауға қатыса алған жоқ.