Accessibility links

Петербургте көлік жарылып, подполковник қаза тапқаны айтылды

27 тамызда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көлік жарылып, подполковник қаза тапқаны, әйелі ауыр жараланғаны хабарланды. Ресейдің тергеу комитеті қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Қазірше қаза тапқан әскеридің есімі айтылмады. "Агенство" сайтының ақпаратынша, жарылыс әскерилер үшін салынған шағын ауданда болған.

Бұған дейін де Ресейдің жоғары шенді әскерилері осындай жарылыстардан қаза тапқан еді. Мәскеу бұл жарылыстарға Украинаны айыптайды. Украина кейбір жарылыстарды мойнына алып, кейбір айыптарды жоққа шығарған.

13 тамызда аннексияланған Қырымдағы көлік жарылып, ресейлік офицер қаза болған еді. Кейін "Украина арнайы қызметінің тапсырмасын орындады" деген күдікпен әйел адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG