Accessibility links

Күзде шамамен 23 мың қазақстандық әскерге шақырылады

Әскерге шақыру науқаны. Қорғаныс министрлігі таратқан сурет
Әскерге шақыру науқаны. Қорғаныс министрлігі таратқан сурет

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, оның аясында желтоқсан айының соңына дейін әскери қызметті кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға негізі жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 23 мыңға жуық ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Бұл жөнінде қорғаныс министрлігі хабарлады.

“12 000-нан астам адам – Қарулы күштер, 7 000 – Ұлттық ұлан, 3 000 – ҰҚК Шекара қызметі, 400-ден астам адам – төтенше жағдай министрлігі, 300-ге жуығы – мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтырады” деді министрлік өкілдері.

Олардың сөзінше, әскерге алынғандар әскери-есептік мамандықпен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие 20-ға жуық жұмысшы кәсібін тегін меңгере алады. Олардың қатарында жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы және тағы басқалар бар.

Бұған қоса, сарбаздар үшін әскери қызмет өткеру кезеңінде несие төлемдерін кейінге қалдыру және ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік білім беру гранты бойынша жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан азаматтарды әскери борышты өтеуге міндеттейтін әлемдегі 68 елдің бірі. 92 елде мұндай талап жоқ. 17 елде тең заң жүзінде бар.

Айдар
XS
SM
MD
LG