Accessibility links

Зеленский: Енді Ресейдің әуе кеңістігі іс жүзінде жабық

Зеленский "Енді Ресейдің әуе кеңістігі іс жүзінде жабық" дейді Зеленский "Енді Ресейдің әуе кеңістігі іс жүзінде жабық" дейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:56 0:00

Украина президенті Владимир Зеленский енді Ресейдің әуе кеңістігі іс жүзінде жабық деп мәлімдеп, дрон шабуылдары үдейтінін меңзеді.

"Ресейдің әуе кеңістігін, негізгі әуежайларын қолданатын әрбір әуе компаниясына, әрбір сақтандыру компаниясына ескерткіміз келеді: Ресейдің әуесі толығымен қауіпті болады. Украина азаматтық авиацияға, азаматтық ұшақтарға сес көрсетпейді. Бірақ Ресей әуесінде көп дрон ұшады және олармен санасу керек болады. Ресей билігі бұл туралы ашық хабарламайды, бірақ Ресей аспаны іс жүзінде жабылады" деді ол 1 қыркүйектегі мәлімдемесінде.

Бішкектегі ШЫҰ саммитінен соң журналистер Ресей президенті Владимир Путинге Зеленскийдің сөзіне қатысты сұрақ қойды.

"Егер мұндай мәлімдеме шынымен жасалған болса, бұл — мемлекеттік терроризмге деген ұмтылыс. Біріншіден, олар бізден келіссөздерді қайта бастауды және тікелей кездесулер өткізуді сұрап отыр. Ал террористермен келіссөз жүргізу деген болмайды. Бұл — бір. Екіншіден, егер, Құдай сақтасын, осындай қайғылы жағдайлар болса, біз оған жауап берудің жолын табамыз. Бұған ешкім күмән келтірмесін" деді Путин.

Ал Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига "Киев ресми түрде Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ICAO) қайырылып, Ресейдің әуе кеңістігі әскери әрекеттерге байланысты қауіпті екенін ескертті" деп мәлімдеді.

Зеленский 29 тамызда ел әскеріне Ресейге күніне жіберілетін дрон санын 300-ден мыңға жеткізуді тапсырған. Дрон шабуылына байланысты Ресей әуежайлары жиі жұмысын тоқтатып, рейстер кешігеді.

Дрондарға қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы тоқтаған жоқ. Қазақстандық SCAT, VietJet Qazaqstan, ресейлік Aeroflot, S7, Red wings және "Россия" әуе компаниялары екі ел арасында ұшады. Бұл компаниялар Зеленскийдің сөзіне қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

XS
SM
MD
LG