Accessibility links

Қазақстан 2027 жылғы Eurovision конкурсына қатыса алмайды

Қазақстан 2027 жылы өтетін Eurovision музыкалық конкурсына қатыса алмайды. Еуропа хабар тарату одағы (European Broadcasting Union – EBU) Қазақстан "қазір одаққа толыққанды мүше болу талаптарына сай келмейді" деп мәлімдеген.

Politico сайтының жазуынша, қазақстандық "Хабар" агенттігі жыл сайын өтетін Eurovision конкурсына қатысуға ресми түрде өтініш берген. Бірақ EBU "Хабар" агенттігі бекітілген талаптарға сай келмейді" деп шешкен.

"Қазақстан Еуропа хабар тарату аймағынан тыс жатыр әрі Еуропа кеңесіне мүше емес. Бұған қоса, бұл ұйымның бақылаушысы статусын да иеленбеген. Сондықтан "Хабар" қазіргі уақытта толыққанды мүшелікке өту талаптарына сай емес" деп мәлімдеген EBU.

Politico сайты "Қазақстанның географиялық орналасуы бұл конкурсқа қатысуға кедергі болмайды, себебі ел аумағының 15 пайызы Еуропаға, 85 пайызы Азияға кіреді" дейді. Eurovision конкурсына Еуропаға кірмейтін бірнеше ел қатысады. Мәселен, Австралия 2015 жылдан бері Eurovision конкурсына арнайы шақыртумен қатысып келеді. 2027 жылы Солтүстік Америка құрлығында орналасқан Канада елі Eurovision байқауына қатыспақ.

Дегенмен Қазақстан 2018-2022 жылдары балалар арасындағы Junior Eurovision конкурсына қатысып келген. Қазақстандық қатысушылар екі рет екінші орын алған.

XS
SM
MD
LG