Accessibility links

Қазақстан шпага құрамасы Азиада чемпионы атанды

Қазақстан шпагашылары Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай (солдан оңға қарай) Азия ойындарының чемпионы атанды. 27 қыркүйек 2026 жыл.
Қазақстан шпагашылары Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай (солдан оңға қарай) Азия ойындарының чемпионы атанды. 27 қыркүйек 2026 жыл.

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан шпага құрамасы командалық жарыста алтын медаль алды. Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай бастаған құрама финалда Оңтүстік Кореяны жеңді. Финалдың ортасында Қазақстан тоғыз ұпай қалып тұрған еді. Кейін есепті теңестірді. Алтын тағдыры «алтын уколда» шешіліп, Проходов қарсыласына қылышты бірінші тигізіп үлгерді.

Осылайша Қазақстан шпагадан командалық жарыста Азиада чемпионы атанды. Бұл құрама биыл әлем чемпионатында командалық жарыстың финалында Украинаны жеңіп, алтын медаль алған еді. Құраманы былтырдан бері украиналық маман Александр Горбачук жаттықтырады.

Қазақстан шпага құрамасы Азия ойындарында.
Қазақстан шпага құрамасы Азия ойындарында.

Азия ойындарында шпага жарысында қола медальды Жапония мен Гонконг құрамасы алды.

Осылайша Қазақстан Азия ойындарында ресми тоғызыншы алтынын иеленді. Қазір Қазақстан 9 алтын, 9 күміс, 21 қола медальмен жалпы есепте Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Өзбекстаннан кейін бесінші орында келеді.

​
XS
SM
MD
LG