Accessibility links

Израиль Fly Dubai ұшағындағы жағдайды "террорлық шабуыл" деді

 Fly Dubai ұшағы (Көрнекі сурет).
Fly Dubai ұшағы (Көрнекі сурет).

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Дубайдан Тель-Авивке ұшып келе жатқан Fly Dubai ұшағындағы жағдайды 1жихадистердің террорлық шабуылы1 деп атады.

"Fly Dubai ұшағындағы жағдай жихад терактіге талпыныс болды. Ұшқыштар кабинасына кіріп, террористі тоқтатып, ұшақтың басқаруын басқа пилоттарға алып берген израильдік бірнеше жолаушының әрекеті апатты алдын алды. Шабуылдаушының мақсаты ұшақты жолаушыларымен құлату болған" деді Кац.

Израиль премьері Беньямин Нетаньяху Сауд Арабиясының билігі ұшқышты қамауға алып, тергеп жатыр деп мәлімдеді.

Бүгін, 30 қыркүйекте Fly Dubai компаниясының Дубайдан Тель-Авивке шыққан ұшағы 7500 дабылын қаққан. Әдетте 7500 кодымен сигнал ұшақты басып алғанда я бұрып әкеткенде беріледі. Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеп, ұшақта ұшқыштар төбелескенін жазды. Ұшақ Сауд Арабиясының Табук қаласына қонған. Ақпарат бойынша, ұшақты бортта болған басқа ұшқыштар басқаруға алып қондырған.

Fly Dubai компаниясы бортта ұшқыштар төбелескенін, ұшақты басқаруды басқа пилоттар қолға алғанын растады. Компания жағдай тексеріліп жатыр деп мәлімдеді.

​
XS
SM
MD
LG