Accessibility links

Трамп: "Демократтар жеңсе, Вето мырзаға айналамын"

АҚШ президенті Дональд Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп аралық сайлау алдында тағы бір мәлімдеме жасап, Демократиялық партия жеңіске жетсе, партияның Конгресстегі ұсыныстарының бәрін бұғаттап отыратынын айтты.

"Егер [демократтар жеңіске жетсе], мен Вето мырзаға айналамын" деді ол FoxNews арнасына берген сұхбатында.

Оның сөзінше, әр ұсынысқа вето қою Демократиялық партия конгрессмендерін президентпен "мәміле жасауға" итермелейді.

АҚШ Конгресіндегі аралық сайлау 3 қараша күні өтпек. Сауалнамалар бойынша, қазір қос палатада да басымдыққа ие болып отырған Республикалық партия демократтарға жол бермек. Демократтардың төменгі палатада басымдыққа ие болу ықтималдығы жоғары екені айтылады. Тіпті жоғарғы палата – сенатта да болмашы басымдықпен жеңіске жетуі мүмкін деген болжам бар. Трамп – Республикалық партия өкілі.

Дональд Трамп сайлауалды науқанға белсене қатысып, түрлі штатта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қыркүйекте ол республикашылдар сайлауда жеңіске жетсе, әрбір кәмелетке толған америкалыққа бес мың доллардан ақша беруге уәде берген. Ол мұны "Трамп дивиденді" деп атады.

Қазанның ортасында Трамптың командасы сотқа жүгініп, Аляска штатында демократтар жеңіске жетсе, сайлау нәтижесін жарамсыз деп тануды талап етті. 1 қараша күні федералдық судья талап-арызды қанағаттандырмау туралы қаулы шығарды.

​
XS
SM
MD
LG