Ресейдің Новгород облысының губернаторы Александр Дронов 10 қарашаға қараған түні аймаққа жаппай дрон шабуылы жасалды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бір өнеркәсіп нысанына зақым келіп, әуеден құлаған дрон сынықтары екі саяжай үйін бүлдірген.
Адамдар зардап шеккені туралы ақпарат түспеген.
Губернатор нақты қай кәсіпорын шабуылға ұшырағанын атап айтқан жоқ. Украиналық Exilenova+, Supernova+ және "Крымский ветер" мониторинг арналары әуеден жасалған шабуыл Старая Русса қаласындағы 123-авиациялық жөндеу зауытына нысанаға алған болуы мүмкін деп жазды. Бұл кәсіпорында Ил-76, Ил-78, Л-410 ұшақтары мен олардың қозғалтқыштары жөнделіп, техникалық қызмет көрсетілетіні айтылады. Алайда бұл ақпаратты растайтындай ресми дерек болған жоқ.
Ресейдің қорғаныс министрлігі өткен түні Новгород, Брянск, Белгород, Курск, Калуга, Орел, Смоленск облыстарының, Краснодар өлкесінің және аннексияланған Қырымның аумағында украиналық 155 дрон атып түсірілгенін хабарлады. Бұл мәліметтерді растайтын тәуелсіз деректер жоқ.