Accessibility links

«Наурыз банктің» бұрынғы басшысы Қазақстанға экстрадицияланды


«Наурыз банктің» бұрынғы басшысы Оразалы Ержанов Қазақстанға экстрадицияланды деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі. Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстанның қаржы полициясы іздеу салған Ержанов осы айдың басында Мәскеуде ұсталған.

Бұрынғы банкирге «миллиардтаған теңге қаржыны ұрлап, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген айып тағылып отыр.

Бұған дейін «Наурыз банкке» қатысты қылмыстық іс бойынша банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Нұрым Дүйсебәлиев пен корпорациялық қарым-қатынастар департаментінің бұрынғы директоры Нұрғалым Өмірәлиевтің әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сонымен қатар Оразалы Ержановқа туыстас болып келетін ағайынды Батырхан және Аман Нарбаевтар да осы іс бойынша 5 жылға қамалған.
XS
SM
MD
LG