Accessibility links

Йеменде үкіметке қарсы шерулер басталды


Йемен президенті Әли Абдулла Салех елде қантөгістің алдын алу үшін биліктен бас тартуға дайын екенін айтты. Бірақ Салехтің мәлімдеуінше, ол өкілеттігін тек өтпелі әкімшіліктің "сенімді қолына" тапсыруға әзір. Салехтің бұл мәлімдемесі телеарна арқылы берілді.

Бүгін Йемен астанасы Санада жаппай ереуілдер басталды. Үкіметке қарсы шерушілер мен билікті қолдаушылар Санада жеке шерулерге жиналды. Өткен жұма күні осыған ұқсас шерулердегі қақтығыстар барысында 50-ге жуық адам қаза болған еді.

Үкіметке қарсы шерішулер елді 32 жыл басқарып отырған Салехтің биліктен кетуін талап етіп жатыр.

Бұдан бұрын Салех 2012 жылдың қаңтар айына дейін парламенттік сайлауларды өткізген соң ғана биліктен кететінін мәлімдеді. Оппозиция Салехтің ұсынысын қабылдамайтынын айтып, бұл "кезекті саяси ойын" деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG