Accessibility links

Лондон полициясы 200-ден аса адамды қамауға алды


Лондон билігінің хабарлауынша, полиция мен шерушілер арасында болған қақтығыста бірнеше адам жараланып, 200-ден аса кісі қамалды.

Сенбі күні Ұлыбритания астанасында болған үкіметке қарсы шеруге 250 мың адам шығып, олар үкіметтің бюджет тапшылығын реттеу үшін қоғамдық қызметтердегі шығындарды қысқартуына қарсылық танытқан.

Полицияның айтуынша, шеру негізінен бейбіт басталып, бірақ кейбір топтар шеру өтіп жатқан үлкен көшедегі дүкендерге шабуылдап, талқандай бастаған. Анархистер ғимараттарға өрт қоя бастаған соң полициямен қақтығыс болды.

Францияның AFP ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, полициямен қақтығыста 214 адам қамауға алынып, 84 кісі жарақат алған.
XS
SM
MD
LG