Accessibility links

Қостанай түрмесінде отырған 7 адам өз денелерін тілген


Әділет министрлігі Қостанай қаласындағы қатаң тәртіптегі колонияда қамауда отырған жеті адамның жексенбі күні өз денелерін жарақаттауын сол түрмедегі тәртіпке мойынсұнғысы келмейтін қылмыскерлердің ықпалымен жасалған жайт деп түсіндіреді. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

- УК-161/2 мекемесіндегі сотталған жеті азамат өмірлеріне қауіп төндірмейтін жарақаттарды осы колонияда қамауда отырған, ұзақ мерзімдерге сотталған, режимге теріс көзқарастағы бес қылмыскердің әлгілерді ұрып-соғамыз деп қорқытып, мәжбүрлеуімен жасаған, - деп мәлімдеді әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов.

Денелерін жарақаттағандардың барлығына колонияның санитарлық бөлімшесінде дәрігерлік жәрдем көрсетілгенін, «оларды ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ» екенін айтты Ғалымжан Хасенов.

Оның айтуынша, оқиға жексенбі күні таңғы сағат 6.15-те болған.
XS
SM
MD
LG