Ауған полициясының мәлімдеуінше "Талибан" елдің солтүстік-шығысындағы Нуристан уәлаятының таулы ауданын өз бақылауына алған. Полиция басшысы Шамсул Рахманның айтуынша, сейсенбі күні 300-ге жуық "Талибан" жауынгері Уайгал ауданын басып алған. Аумақтағы ауған полициясының кішігірім тобы "Талибанға" берілген.
Рахманның айтуынша, "Талибан" жауынгерлері келген кезде аталмыш ауданда НАТО күштері болмаған.
"Талибан" баспасөз хатшысы Забирулла Мужахид Уайгал ауданы "Талибанның" бақылауына өткенін растады. НАТО бұл хабарды зерттеп жатқандығын айтты.