Accessibility links

Лондонда Ливия мәселесі талқыланады


Әлемнің алпауыт елдері бүгін Лондонда кездесіп, Ливия мәселесін талқылайды. Ұлыбритания астанасындағы конференцияға БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да қатысады.

Ливияда Муаммар Каддафи әскерилерінің қолында болған аймақтар коалициялық күштердің шабуылының көмегімен оппозициялық көтерілісшілердің бақылауына өтіп жатыр. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес, халықаралық коалиция Ливия азаматтарын Каддафи күштерінің шабуылынан қорғау мақсатында режимнің бақылауындағы аумақтарды нысанаға алып, әуеден соққы беріп жатыр.

Лондондағы жиынның алдында Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен Франция президенті Николя Саркози Каддафиді биліктен кетуге шақырды.
XS
SM
MD
LG