Accessibility links

Ауған президентінің кеңесшісі тұтқындалды


Ауғанстан бас прокурорының мәлімдеуінше, президент Хамид Карзайдың кеңесшісі Нурулла Делауари мемлекеттік қаржыны жымқырды деген айыппен қамауға алынған.

Ал дүйсенбі күні Карзай үкіметінде 2004-2006 жылдары көлік министрі болған Енаятулла Касимиге қоғамдық ақшаны дұрыс жұмсамады деген айып тағылған болатын. Бұл айыптар 2004 жылы мемлекеттік «Ауған-Ариана» әуе компаниясына төрт ұшақты сатып алу туралы келісім-шартпен байланысты болып отыр. Прокурорлардың айтуынша, әлгі ұшақтар үшін үкіметтен 9 миллион доллар артық ақша алынған.
XS
SM
MD
LG