Accessibility links

Оппозициялық газет шығатын баспа директорының қайда екені белгісіз


Қазақстанда оппозициялық «Голос республики» апталық газеті басылып шығатын баспаның директоры Данияр Молдашев сәрсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 20.30-да орынбасары Гюзель Байдалиноваға телефон шалып, өзінің Минскіде жүргенін ғана хабарлаған. Бірақ оның телефон номері көрінбеген. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында «Голос республики» газеті бас директорының орынбасары Оксана Макушина мәлімдеді.

Оның айтуынша, Данияр Молдашев өткен аптада, жұма күні Мәскеуде оппозициялық «Республика» интернет-порталының қызметкерлерімен кездесіпті. Ал сенбі күні Мәскеуден оралған бетте, әуежайдан үйіне бара жатқанда оны белгісіз біреулер ұрып-соғып, Мәскеуден әкеле жатқан маңызды құжаттар мен фотоаппаратын тартып алған. «Голос республики» редакциясындағылар осы жолы Мәскеуде белгісіз біреулер Данияр Молдашевты аңдыған деп отыр.

Оксана Макушина дүйсенбіден бері телефон қоңырауларына жауап бермеген Молдашевтың қайда екендігі әлі күнге дейін белгісіз екенін айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG