Accessibility links

АҚШ Сирия президентін сынады


АҚШ Сирия президенті Башар әл-Ассадты үкіметке қарсы наразылық танытушылар талап етіп отырған реформа туралы ешнәрсе айтпады деп сынады.

Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысы Марк Тонердің айтуынша, сәрсенбі күні әл-Ассадтың халыққа жасаған жолдауының мәні болмады.

"Президенттің мәлімдемесінде Сирия халқы талап еткен реформалар туралы ешнәрсе айтылмады. Әл-Ассадтың кеңесшілері де реформалар жарияланады деп болжам жасаған болатын", - деді Тонер.

Сирия президенті парламентте сөйлеген сөзінде екі аптаға жалғасқан наразылық шерулеріне байланысты елдің "дұшпандарын" айыптады.

Президент елде 50 жылдан аса уақыт бойы күшінде тұрған төтенше жағдай тәртібінің жойылатынын жариялауы мүмкін деген болжам айтылған еді бірақ әл-Ассад ол туралы үн қатпады.

Сирия президентінің мәлімдемесінен кейін бірнеше сағат өткен соң елдің Латакия қаласында шерулер мен атыс болды деп хабарланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG