Accessibility links

Ливия өкілі Каддафидің кетуі туралы Лондондағы келіссөзге қатысты деп хабарланды


Ұлыбританиялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Муаммар Каддафи үкіметінің өкілі Ливия жетекшісінің биліктен кету стратегиясын жоспарлау туралы құпия келіссөздерге қатысу үшін Лондонда болған.

Хабарларға қарағанда, Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламның көмекшісі Мохаммед Исмаил таяудағы сапары барысында ұлыбританиялық ресми өкілдермен келіссөз өткізген. Бұл хабарды Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі растамады.

Сәрсенбі күні Ливия сыртқы істер министрі Муса Куса елден қашып, Лондоннан саяси баспана сұраған болатын.
XS
SM
MD
LG