Accessibility links

Йеменде шерулер жалғасып жатыр


Йемен астанасы Санада шерулер басталды. Үкіметті қолдайтын және оған қарсы шерушілердің жалпы саны ондаған мың шамасында.

Үкіметке қарсы наразылық танытушылар елді 32 жыл басқарып келе жатқан президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етіп отыр. Ал Салех өз қолдаушыларының алдында сөйлеген сөзінде елі үшін барлық нәрсесін құрбандыққа шалуға дайын екенін мәлімдеп, биліктен кету туралы ешнәрсе айтпады.

Сана қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Йеменде ақпан айынан бері болып жатқан шерулер барысында 80-нен астам адам қаза болды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG