Маусымның 5-де Молдовада әкімшіліктер мен жергілікті кеңестерге сайлау өтеді. Жұма күні ел парламенті осыны қолдап дауыс берді.
Соңғы рет мұндай сайлау осыдан төрт жыл бұрын өткен болатын. Оппозициялық коммунистер маусым айында сайлау өткізу жоспарына қарсы дауыс берді. Олардың айтуынша, дауыс берулерге дайындалу үшін көбірек уақыт керек.
Молдовадағы сайлаулар қараша айында билікке келген үш партиялық коалиция үшін алғашқы сынақ болмақ. Еуропаны қолдайтын үкімет Молдованы Еуропа Одағына жақындату мақсатында экономикалық және демократиялық реформаларды жүзеге асыруға уәде еткен болатын.