Accessibility links

МАГАТЭ басшысы: Жапониядағы жағдай күрделі


Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің басшысы Юкия Амано Жапонияның Фукусима атом электр стансасындағы дағдарыстың аяқталуына ұзақ уақыт бар деп ескертті. Кения астанасы Найробиде БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мунмен кездесуінен кейін өткізген баспасөз мәслихатында Амано Фукусимадағы жағдайдың өте күрделі екендігін айтты.

Наурыз айындағы зілзала мен цуамиден зақымданған атом электр стансасы маңайындағы жерасты суынан жоғары радиоактивті заттардың табылғандығы хабарланып отыр. Фукусимаға жақын жердегі аумақтардан тұрғындар эвакуацияланды.
XS
SM
MD
LG