Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті Молдашевтің табылмай жатқанына алаңдаулы


Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан билігін оппозициялық газет басып шығарылатын баспа директоры Данияр Молдашевтің қайда екендігін анықтау үшін тезарада тергеу жүргізуге шақырды.

"Жексенбі күнгі президент сайлауының алдында Молдашевтің жоғалып кетуі және осы оқиға маңайындағы алаңдатарлық жағдайлар тезарада мұқият тергелуі тиіс", - деді Нью-Йорктегі ұйымның Еуропа мен Орталық Азия бойынша бағдарламасының үйлестірушісі Нина Огнянова.

Оппозициялық "Голос республики" редакциясының айтуынша, «АДП ЛТД» компаниясының директоры Молдашев өткен аптада Мәскеуден оралып, соққыға жығылған соң жоғалып кеткен.

Алматы полициясы Молдашевтың жоғалғандығын жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG