Accessibility links

Мәсімов: Қазақстан парламентінде оппозиция болу керек


Қазақстан премьер-министрі ел парламентінде оппозицияның болуы керек деп мәлімдеді. Қазақстан парламентінде қазір тек "Нұр Отан" партиясының ғана мүшелері бар.

Кәрім Мәсімов "Рейтерс" агенттігіне берген сұқбатында оппозицияның болуы елдегі экономикалық дамуға сәйкес келетін демократиялық реформаға кепілдік беруге көмектеседі деп атап көрсетті. Мәсімов Қазақстан үкіметі Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылап отыр дей келе, бұл аймақпен салыстырғанда "Қазақстан халқы мен жас ұрпағының дамуға мүмкіндігі бар" деп атап көрсетті.

Жексенбі күнгі кезектен тыс президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы 70 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев сөзсіз жеңіске жетеді деген болжам жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG