Accessibility links

Президентікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаев зайыбымен бірге Астанада дауыс берді


Бүгін Қазақстанда өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауына түскен төрт үміткердің бірі - елдің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы республикалық ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №182 сайлау учаскесіне зайыбымен бірге келіп дауыс берді. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

БАҚ өкілдеріне білдірген пікірінде Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда сайлау әділ, заңға сай өтіп жатқандығын» айтқан.

Қазақстанды соңғы жиырма жылдан астам уақыт үздіксіз басқарып отырған Назарбаевпен бұл сайлауда үш адам бәсекеге түсті. Олар - Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан сайлауға түскен Жамбыл Ахметбеков, «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов және «Қазақстан патриоттары партиясынан» парламент депутаты Ғани Қасымов.

Сәуірдің 3-і күні сайлау учаскелерінде дауыс беру кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG