Accessibility links

Жоғалып кеткен баспагердің туысы полицияға өтініш берді


Қазақстанда шығатын оппозициялық «Голоса республики» газетінің баспасгері Данияр Молдашевтың бауыры Асқар Молдашев туысының хабар-ошарсыз жоғалғанын айтып полицияға өтініш жазғаны туралы газет редакциясы хабарлады.

Газет хабарламасында Асқар Молдашев өз бауырын іздеу шараларын бастауды талап етіп жазған өтінішін сәуірдің 2-і күні заңгер Сергей Уткиннің көзінше Алматы ішкі істер департаментіне тапсырғаны айтылған.

Өтініш иесі соңғы рет Данияр Молдашевты наурыздың 30-ы таңертең көргенін, бауыры туғандарына телефон шалып өзінің Минскіде жүргенін хабарлағанын жазған. Бірақ Асқар Молдашев «ол біреудің бақылауында отырған тәрізді» деген күдігін білдірген.

«Оның із-түзсіз жоғалуы барлық туыс-туғанды қатты алаңдатып отырғанын» айтқан Асқар Молдашев полициядан Данияр Молдашевтың шыныменде Қазақстаннан тыс жерде жүрген-жүрмегенін және қай жерден телефон шалғанын анықтауды сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG