Accessibility links

Кот-д’Ивуарда үш күннен бері қақтығыс пен қырғын болып жатыр


Кот-д’Ивуардың Абиджан қаласында үшінші күн ауыр шайқас болып, жүздеген адамның қаза тапқаны хабарланды. Бұл аймақта даулы президент сайлауынан кейін қарсылас күштердің қақтығысы жалғасып жатыр.

Халықаралық мойындалған президент Алассан Уаттардың жақтастары қараша айынан бері билікті бермей келе жатқан қазіргі президент Лоран Гбагбоның жасақтарымен қақтығысып жатыр.

Дюку қаласында мыңға жуық адам қаза болғаны айтылды. Халықаралық агенттіктер мен БҰҰ жүздеген адамның өліміне Уаттар күштері жауапты болуы мүмкін деді.

Human Rights Watch ұйымы өздерінде екі тараптың қолдаушылары соғыс қылмыстарын жасады деген мәліметтер бар екенін айтады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Гбагбоны тезірек биліктен кетуге шақырды.
XS
SM
MD
LG