Accessibility links

Шетелдегі Қазақстан азаматтарының 44,2 пайызы дауыс берді


Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Астана уақытымен кешкі 4-ке дейін шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының 44 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан.

Бұл туралы министрліктің әкімшілік және бақылау департаментінің директоры Қайрат Саржанов жексенбі күнгі брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы тіркелген сайлаушының 44,2 пайызы келіп дауыс берген.

Қазақстан шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде 35 сайлау учаскесін ашқан.
XS
SM
MD
LG