Атырау қаласында дүйсенбі күні болған жарылысқа байланысты Қазақстан қылмыстық кодексінің «Жарылғыш зат қолдану арқылы террорлық акт жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады Атырау облыстық прокуротурасының баспасөз хатшысы Светлана Жұмашева.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта жарылысқа қатысы бар адам анықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау орындары қазанның 31-і күні Атырау облыстық әкімшілігінің жанында жарылыс жасаған ер адам Атырау қаласының 24 жастағы тұрғыны екендігін айтқан, оның аты-жөнін жариялаған жоқ.
Атырау қаласында кеше таңертең екі жарылыс болып, одан бір адамның қаза болғаны хабарланған еді.