Accessibility links

Жапония радиацияны тоқтатуға айлар кетуі мүмкін деді


Жапония үш апта бұрынғы табиғат апатынан зардап шеккен Фукусима ядролық стансасындағы радиацияның ағуын тоқтату үшін бірнеше ай керек болуы мүмкін деп айтты.

Ядролық қауіпсіздік агенттігінің өкілі журналистерге айтқанында, радиацияның шығуын тоқтату үшін алдымен зауыттың салқындатқыш жүйесін қайта іске қосу керек болады деді.

Және ол қазіргі радиацияның жоғары деңгейі мен қирандыларды реттеу қиындығынан зауыт жұмысын қалпына келтіру бірнеше айға созылуы мүмкін деп ескертті.

Зілзала мен цунамиден бұзылған ядролық кешендегі реакторлардан радиация суға, ауаға және аумаққа айтарлықтай тарап жатыр. Бұл ядролық апат адам өмірі мен Жапония экономикасына кері салдарын тигізеді деген алаңдаушылық ұлғайды.

Жапония полициясы өткен айдағы табиғат апатынан қаза болғандар саны 12 мыңнан асты, 15,500 адам жоғалғандар тізімінде деді.
XS
SM
MD
LG