Accessibility links

Ауғанстанда Құран өртеуге қарсы наразылық жалғасып жатыр


Бүгін Ауғанстанда АҚШ-тағы христиан уағызшысының Құранды өртеуіне қарсы наразылықтар күшейіп кетті. Құранды қорғаған ауған шерушілері осымен қатарынан төрт күн көшеге шықты.

Лағман провиниясының полиция басшысы Абдул Азиз Ғаранайдың айтуынша, дүйсенбі күні Мехтерлам қаласына жүздеген адам жиналып, полицияны таспен атқылаған.

Құранды өртеуге қарсы шеруде кемінде 22 адам қаза болды, оның жетеуі - БҰҰ-ның қызметкерлері.

Наурыздың 20-сында Флорида шіркеуінің уағызшысы мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранды өртеген еді.
XS
SM
MD
LG