Accessibility links

Ауғанстанда жанкештілік жарылыc болды


Ауғанстанның Хельманд провинциясында екі бірдей жанкешті жарылыс жасап, үш адам жараланған.

Аймақ әкімшілігінің өкілі хабарлағандай, Лашкар Гах қаласында бір жанпидашы жарылыс жасаған, жарылыс жасамақ болған екінші адамды полиция атып өлтірген.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Земарай Башари тағы бір қарулы адамның үкімет үйіне шабуылдамақ болғанын айтады.

Лашкар Гах қаласы - Ауғанстанның шілде айында НАТО әскері бақылауынан жергілікті күштер жауапкершілігіне өтетін жеті аймағының бірі.
XS
SM
MD
LG