Accessibility links

Йеменде қақтығыстарда қаза болғандар саны 19 адамға жетті


Йеменде кеше үкіметке қарсы шеруге шыққандар мен қауіпсіздік күштері арасында болған қақтығыстар салдарынан қаза болғандар - 19 адамға жеткені, жүздеген адамның жараланғаны туралы хабарланып отыр.

Қауіпсіздік күштері шеруге шыққандарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған.

Билік ел астанасы Сана қаласынан оңтүстікте жатқан Таиз шаһарында шерушілерге қарсы оқ атып, он бес адамды мерт еткені туралы ақпарат тарады.

Йеменде наразылық шеруіне шыққандар елді отыз жылдан астам уақыт бойы басқарып отырған президент Әли Абдолла Салехтің отставкаға кетуін талап етеді.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG