Accessibility links

Батыс елдері қытай суретшісінің тағдырына алаңдайды


Батыс елдері мен адам құқығын қорғаушы топтар танымал қытайлық суретші, ел үкіметін сынаушы Ай Вейвейдің тағдырына байланысты алаңдаушылық танытып отыр.

Жексенбі күні Гонконг қаласына ұшайын деп жатқан Вейвей Бейжің әуежайында тұтқындалған болатын. Содан бері хабар-ошарсыз.

АҚШ, Еуропа Одағы елдері, Amnesty International және басқа да ұйымдар Вейвейді босатуға шақырды.

Соңғы апталарда Қытайда бірқатар диссиденттер, белсенділер мен адам құқығын қорғаушылар қудаланып жатыр.
XS
SM
MD
LG