Accessibility links

Филиппинде кепілге алынған 12 адам босатылды


Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралында бес күн кепілде болған 12 адам бүгін босатылды. Олардың дені - жергілікті мектептің мұғалімдері.

Бұған дейін оларды кепілге алған Манобо тайпасының қарулы адамдары биліктен өздерінің ақсақалдары, "адам ұрлаған" және "кісі өлтірген" деген айыптармен сотта ісі қаралғалы отырған Ондо Пересті түрмеден босатуды талап еткен.

Билік Перестің ісін тезірек аяқтап, сотта қарауға уәде беріп, өзін уақытша босатқан соң қарулы топ кепілге алған адамдарды босатқан.
XS
SM
MD
LG