Accessibility links

ОСК: президент Назарбаевтың инаугурациясы сәуірдің 8-інде өтеді


Кезектен тыс президент сайлауының нәтижесі бойынша ел президенті қызметіне сайланған Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурациясы сәуірдің 8-інде өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов хабарлады.

ОСК бүгінгі отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан президенті етіп тіркеу туралы қаулыны бекітті. Тиісті куәлік Назарбаевқа инаугурация кезінде тапсырылады.

Ресми қорытындыға сәйкес, сәуірдің 3-інде өткен кезектен тыс президент сайлауында сайлаушылардың 95,55 пайызы кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берген.
XS
SM
MD
LG