Эквадор үкіметі АҚШ елшісі Хизер Ходжестің елден кетуін кетуін талап етті.
Бұған «Уикиликс» сайтында жарияланған елші Хизер Ходжестің 2009 жылы жолдаған дипломатиялық хабарламасы түрткі болды. Онда Эквадор полициясы басшысының коррупцияға қатысы бары ел президенті Рафаэль Корреаға мәлім екендігі айтылған.
Елші Ходжесті елден қуу туралы шешім «АҚШ пен Эквадор арасындағы дипломатиялық қатынастарды үзу дегенді білдірмейді» деп мәлімдеді Эквадор сыртқы істер министрі Рикардо Патино.
АҚШ үкіметі өз дипломатын шығару туралы шешімді «негізсіз» деп атады.