Accessibility links

Португалия Еуропалық комиссиядан жәрдем сұрады


Португалия үкіметі Еуропалық комиссиядан қаржылай көмек сұрады.

Экономика және қаржы істері жөніндегі еурокомиссар Олли Рен Португалияның бұл өтінішін "елдегі және Еуропадағы экономикалық ахуалдың тұрақтылығына бағытталған жауапкершілікті қадам" деп бағалады. Оның айтуынша, қаржылай көмектің мөлшері жақын уақытта белгіленетін болады.

Наурыз айында Португалия парламенті биліктегі Социалистер партиясының бюджет қаржысын үнемдеу туралы ұсынысын көпшілік дауыспен қабылдамай тастаған соң елдің премьер-министрі Жозе Сократеш отставкаға кеткен еді.
XS
SM
MD
LG