Accessibility links

Қырғызстан сәуір төңкерісінің бір жылдығын атап өтіп жатыр


Қырғызстанда 2010 жылғы сәуір төңкерісіне бүгін бір жыл толды.

Атаулы күнге байланысты ел астанасы Бішкекте және басқа қалаларда арнайы жиындар өткізіліп, былтырғы сәуір оқиғалары кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етіледі. Осыған байланысты көпшілік орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Бұдан бір жыл бұрын елде басталған наразылық толқуларында билікпен қақтығыс кезінде 87 адам қаза болып, бірнеше жүз кісі жараланды. Ақыры президент Құрманбек Бакиев елден қашып кетті.

Сәуір төңкерісінен соң Қырғызстанның негізгі заңына өзгерістер енгізіліп, парламенттік басқару жүйесі құрылды.
XS
SM
MD
LG