Accessibility links

Ливия әуе соққысынан құбыр желісі бүлінгенін мәлімдеді


Ливия билігі елдегі ірі мұнай кенішін Жерорта теңізіндегі портпен жалғастыратын құбыр желісі британ әскери ұшақтарының әуе соққысынан бүлінді деп мәлімдеді.

Ливия сыртқы істер министрінің орынбасары Халед Каим әуе соққысы салдарынан үш адам қаза болды деп хабарлады. Ұлыбритания билігі әзірге бұл мәлімдемеге қатысты түсініктеме берген жоқ.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Ливия әуе кеңістігінен ұшуға тыйым салу туралы қабылдаған қарарын жүзеге асыру жүктелген НАТО күштері қатарында арнайы операцияға Ұлыбритания да қатысып жатыр.

Бұған дейін Муаммар Каддафиді қолдайтын әскери күштер танк және ауыр артиллерияның көмегімен елдің батысындағы Мисрата қаласында көтерілісшілерге қарсы шабуыл жасаған еді.
XS
SM
MD
LG