Accessibility links

Польша басылымының Беларусьтегі тілшісі тұтқындалды


Беларусь президенті Александр Лукашенконың беделіне нұқсан келтірді деп айыпталған журналист Хродна қаласында қамауға алынды.

Прокурорлардың айтуынша, Польшаның Gazeta Wyborcza басылымының Беларусьтегі тілшісі Андрей Посзобут қаладан заңсыз шығып кетпекші болған. Журналист сәрсенбіде тұтқындалды деп хабарланып отыр.

Өткен айда оған "мақалалары мен интернеттегі пікірлерінде президенттің беделіне нұқсан келтірді" деген айып тағылған болатын. Егер Посзобут айыпты деп танылса, екі жылға түрмеге жабылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG