Accessibility links

Қандағардағы шабуылды "Талибан" жасаған


Ауғанстан ресми өкілдерінің айтуынша, жанкештілер мен қарулы адамдар елдің оңтүстігіндегі Кандағар уәлаятындағы полиция ғимаратына шабуылдаған. Бүлікшілердің нақты саны туралы мәлімет берілмеді.

Ресми өкілдердің хабарлауынша, үш жанкешті кісі өздерін жарып жіберген, ал қалғандары ауған сарбаздарымен шайқасқан. Уәлаяттағы полиция басшысы Хан Мохаммад Мужахид ауған қауіпсіздік күштерінің алты мүшесі қаза болды деп мәлімдеді. Бүлікшілермен қақтығысқан ауған күштеріне жәрдем беру үшін оқиға орнына АҚШ тікұшақтары мен әскери көліктер жіберілді.

Қандағардағы шабуылға байланысты жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG