Accessibility links

Ресми өкіл: Қазақстанда саяси тұтқындар жоқ


Қазақстанның әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаев біздің елде саяси тұтқындар жоқ деп мәлімдеді.

Аманбаев бұл туралы бейсенбі күні журналистердің елде рахымшылық бойынша адам құқын қорғаушы белсенді Евгений Жовтис сияқты саяси тұтқындар босатыла ма деген сұрағына жауап бергенде айтты. Оның пікірінше, жол көлік апатына қатысты түрмеге жабылған Жовтистің ісінің саясатқа қатысы жоқ.

Адам қағып өлтірді деген айыппен Евгений Жовтис 2009 жылы қыркүйек айында 4 жылға түрмеге жабылған болатын. Осыған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай рахымшылық жариялау жобасын дайындауды тапсырған.
XS
SM
MD
LG