Accessibility links

Ливияда шетелдік төрт журналист ұсталған


Ливия үкіметі күштері тағы төрт журналисті ұстағаны туралы америкалық «Атлантик» басылымы хабарлады.

Оның деректері бойынша, ұсталғандардың екеуі - АҚШ азаматтары, қалғандары Испания мен Оңтүстік Африка Республикасынан барған тілшілер. Қазір олардың нақты қай жерде екенін журналистердің әріптестері «Хьюман Райтс Уотч» халықаралық ұйымының құқыққорғаушыларымен бірге анықтауға тырысып жатыр.

Бұған дейін Ливия үкіметі виза мерзімдерінің аяқталғанын сылтау етіп Триполиден 26 журналисті шығарған еді.

Парижде орналасқан «Шекарасыз тілшілер» ұйымының деректер бойынша, қазір Ливияда жүзге жуық шетелдік тілшілер жұмыс істеп жатыр.
XS
SM
MD
LG