Қарашаның 1-інен бастап Ақтөбе облысының полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Бұл ең алдымен қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтумен байланысты. Бұған көршілес Атырау облысындағы оқиғалар әсер етті» делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Ақпаратта полицияның кезекші бөлімдері мен бекеттерінің, патруль және жедел-тергеу топтарының құрамы күшейтіліп, маңызды нысандардың күзетке алынғаны айтылған.
Атырау қаласында қазанның 31-і күні таңертең екі жарылыс болып, одан бір адамның қаза тапқаны туралы Азаттық радиосы хабарлаған еді. Бүгін Атырау полициясы жарылыста мерт болған адам Атырау қаласының 23 жастағы тұрғыны Бауыржан Сұлтанғалиев деген ақпарат таратты. Сондай-ақ бұл оқиға бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің "терроризм" туралы 233-бабына сәйкес екі қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
Мамырдың 17-сі күні Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне келген жас жігіт өзін-өзі жарып мерт болған еді.