Accessibility links

Мәжіліс Мәсімовтың кандидатурасын қолдады


Қазақстан парламенті Кәрім Мәсімовты премьер-министр етіп қайта тағайындау жөнінде дауыс берді.

Пленарлық отырысқа қатысқан мәжілістің 104 депутаты президенттің ұсынысын бір ауыздан қолдап, Кәрім Мәсімовтің кандидатурасымен келісетіндері жөнінде қаулы қабылдады. Сол жерде президент Назарбаев Кәрім Мәсімовті премьер-министр ретінде тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

«Мен президент сайлауында 95 пайыз алған едім сіз 100 пайызға ие болдыңыз, сізді депутаттардың барлығы да қолдады» деді Кәрім Мәсімовті қайта тағайындалуымен құттықтаған президент Назарбаев. Ол қазіргі үкіметке сенім артатындығын және үкіметтің бастаған бағдарламаларын аяқтауы қажет екенін алға тартты.

Осыған дейін 1999 және 2005 жылдары өткен президенттік сайлаулардан соң да Нұрсұлтан Назарбаев сол кездердегі үкімет басшыларын орындарында қалдыру туралы ұсыныс жасаған еді.
XS
SM
MD
LG