Accessibility links

Ереванда үкіметке қарсы шеру өткізді


Армения астанасы Ереванда оппозицияның мыңдаған қолдаушысы шеруге шығып, кезектен тыс сайлау өткізуді және үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Қалаға көптеген полиция қызметкерлері орналастырылды.

Оппозициялық Армения ұлттық конгресінің өкілі Левон Зурабян наразылық танытушыларды "азаматтық бағынбаушылық науқанын бастауға" дайындалуға шақырды. Оппозицияның айтуынша, жұма күнгі шеруге 8 мыңға жуық адам қатысқан.

Биліктегі партия халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жұмыс істеп жатқанын айтып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу ниеті жоқ екенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG