Accessibility links

Ресей мен Польша ұшақ апаты тақтасына қатысты келісе алмай отыр


Осыдан бір жыл бұрын Польша президенті мен тағы 95 адам отырған ұшақтың Ресейде апатқа ұшырауына қатысты Ресей мен Польша арасында тағы дау шықты.

Варшава Мәскеудің ұшақ апаты болған Смоленскідегі ескерткіш тақтаны алып тастағанына ашулы болып отыр. 2010 жылдың 10 сәуірінде Совет құпия әскерінің 22 мың полякты өлтірген жері - Катыньға бара жатқан Польша президенті Лех Качиньскийдің ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Польша президенті Борислав Коморовский дүйсенбі күні Смоленскі аймағына барғанда бұл мәселені Ресей президенті Дмитрий Медведевпен талқыламақшы.
XS
SM
MD
LG