Accessibility links

Жапониядағы цунами құрбандарын тағы іздеп жатыр


Жапония әскерилері елдің солтүстік шығысындағы жағалауда болған зілзала мен цунами құрбандарының мәйітін іздеуге арналған тағы бір операциясын бастады.

22 мың жапон әскері 110 мың АҚШ күштерімен бірге жерден, әуеден және теңізде іздеу шараларын қолға алды. Наурыздың 11-де болған табиғат апатының құрбандары 25 мыңға жетуі мүмкін.

Бүгінде 13 мың адамның ғана өлімі есепке алынды. Қалғандарын су шайып кеткен болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG