Accessibility links

Африкалық Одақ: Каддафи бейбіт жоспарға келісіп отыр


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи елдегі жағдайды бейбіт жолмен реттеуді ұсынған Африкалық Одақтың жоспарын қабыл алды.

Бұл туралы жексенбіде Африкалық Одақ делегациясы құрамында Триполиде Каддафимен келіссөздерге қатысқандардың бірі - Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зума хабарлады.

Енді Африкалық Одақ делегациясы Ливия көтерілісшілерінің жетекшілерімен Бенгазиде кездесу өткізіп, осы жоспарды талқыламақ.

Ара ағайындар ұсынып отырған бұл жоспарда екі жақты да атысты дереу тоқтатып бейбіт келіссөздердің бастау және ұрыс болған аймаққа гуманитарлық миссияның баруына жол ашу қарастырылған.

НАТО басшылығы жексенбі күні халықаралық коалицияның әуеден берген соққысынан Каддафи әскерінің 25 танкісі жойылғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG